Рақмет саған Әліппем!
Бүгін яғни, 23 желтоқсан күні 1ші сынып оқушыларының “Рақмет саған әліппем” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Әліппемен қош айтысып, ана тілін қолға ұстаған бүлдіршіндер бүгінгі таңда білім сапарына әрі қарай жол тартты.
1 ші сынып оқушылары өз өнерлерімен тәнті етті.
Рахмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің!
Әліппе балаларды тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сондай-ақ балаларға достыққа, сыйластыққа, тәртіпті оқушы болуға үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын.
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3
ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17
EMAIL:
32-astana@edu.kz