Мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылуы!
Мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылуы өтті
2025 жылдың 2 маусымында мектебімізде жазғы демалыс маусымының басталуына арналған мектеп жанындағы «АҚБҰЛАҚ» лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға оқушылар, мұғалімдер және ата-анала қатысты.
Ашылу салтанатында мектеп директоры Гүлшат Берікбайқызы отрядттарды құттықтап, жазғы демалысты лагерьде пайдалы да көңілді өткізуге тілек білдірді. Брем Светланы Рудольфовнаның би тобы «Остров денс» өнер көрсетті, сонымен қатар Белан Наталья Ивановнаның хор тобыда «Көңілді фломастерлар» әнімен мереке сәнін келтірді. Отрядттар топ атауларымен таныстырып, ұрандарын айтты, ойын ойнап, флешмоб биледі. Топтар «Мишка Тейдимен» бірге би билеп, фотоға түсті.
Мұғалімдер мен тәрбиешілер балаларды алдағы қызықты шаралар мен демалыс бағдарламасымен таныстырды. Лагерь аясында спорттық жарыстар, шығармашылық шеберлік сағаттары, табиғатқа серуендер мен түрлі ойын-сауық бағдарламалар жоспарланған.
Бұл жазғы лагерь балалардың демалып қана қоймай, жаңа достар тауып, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуына тамаша мүмкіндік болмақ.
https://www.instagram.com/reel/DKY8RqxsUz7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3
ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17
EMAIL:
32-astana@edu.kz