«Бауырсақ» фестивалі
![]()
![]()
![]()
Мектеп жанындағы лагерьде ұйымдастырылған «Бауырсақ» фестивалі — балалардың шат күлкісі мен достыққа толы, әсерлерге толы сәттердің куәсі болды.
Мерекелік іс-шара барысында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, балалар өз қиялдарындағы бейнелерді сурет арқылы жеткізді.
Сонымен қатар, қатысушылар бір-біріне қызықты сұрақтар қойып, армандары жайлы әңгімелесті. Бұл балалардың бір-бірімен жақынырақ танысып, өз ой-пікірлерін еркін жеткізуіне үлкен мүмкіндік берді.
Күннің соңында "Сөздерді тап" атты зияткерлік ойын ойналып, балалардың тіл байлығы мен ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай жасалды.
Көтеріңкі көңіл-күй, достық қарым-қатынас және жарқын естеліктерге толы бұл күн лагерь өмірінің тағы бір жарқын беті ретінде есте қалатыны сөзсіз.
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3
ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17
EMAIL:
32-astana@edu.kz