Кино әлеміне саяхат – жарқын әсерлер күні
Кино әлеміне саяхат – жарқын әсерлер күні
Бүгін жазғы лагерьде тәрбиеленушілер үшін мазмұнды да жарқын күндердің бірі болды. Балалар тәрбиешілердің жетекшілігімен қаладағы кинотеатрға барып, үлкен экраннан қызықты фильм тамашалады. Киносеанс барысында оқушылар ерекше әсер алып, көркем туындының мазмұнына терең бойлады.
Фильм аяқталған соң, олар алған әсерлерімен бөлісіп, кейіпкерлердің әрекеттері мен оқиға желісі төңірегінде ой өрбітті. Бұл сәт олардың қиялын шарықтатып, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырды. Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы олардың зейінін дамытып, ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.
Киноға саяхат – балалар үшін әсерге толы, шаттыққа бөленген ұмытылмас күн болды. Бұл шара олардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге сеп болып, жүректерінде жарқын естелік қалдырды.
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3
ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17
EMAIL:
32-astana@edu.kz