«Нашақорлыққа қарсы “30 күндік іс-шаралар кешені”
Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Нашақорлыққа қарсы “30 күндік іс-шаралар кешені” жүзеге асырылуда. Соның аясында Астана қаласы Алматы ауданының білім беру ұйымдарының арасында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты челлендж басталды.
Аталған бастаманы №32 мектеп-гимназия оқушылары, ата-аналары және ұстаздары қолдап, белсенді түрде атсалысты. Олар челленджді жалғастыру мақсатында эстафетаны Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейіне жолдады.
Бұл челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың, ата-аналардың және қоғамның назарын салауатты өмір салтын насихаттауға, зиянды әдеттердің алдын алуға бағыттау. Осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында жауаптылық, ұйымшылдық пен ортақ құндылықтарға деген құрмет қалыптасады.
https://www.instagram.com/reel/DOs0mO1jUuv/?utm_source=ig_web_copy_link
#НашақорлыққаЖолЖоқ #30күндікіс-шараларкешені
#BizBirgemiz
#СалауаттыӨмір
@oqu_agartu_ministrligi
@bilimastana
@baitasgulshat
@astana_adistemelik_ortalyq
@new_police_astana_almaty
@prokuratura.ast
@64ml_astana
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3
ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17
EMAIL:
32-astana@edu.kz